jasqazaq.kz

Дариға Бадықова өзін қаралағандарға жауап берді

06 қазан 2025, 11:32

Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуінің мәлімдемесінен кейін желіде жазба жариялады. Ол өзін қаралап жатқан халыққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Еркектің бәрі ер емес. Кей адам киіммен, кей адам үнсіздігімен шешінеді. Мен – үнсізбін. Себебі, менің үнім шықпағаны — әлсіздігім емес, тәрбием еді. Жалғыз әйелдің үнсіздігі – айқайдан да қатты естіледі кейде. Бірақ үндемеген сайын, біреулер арзан тірлік жасап жатыр. Бір жақты пікірмен шешім шығарғандарға айтарым: Мен – сценарий емес, тірі адаммын! Киномның алдында, сонша төккен еңбегімнің, адал терімнің алдында, өмірімді күлге айналдырмақ болған әрекет – тек мені емес, өнердің өзін де қорлау деп білем”, – деп жазды актриса.

Одан кейін экс жолдасымен ажырасып кетсе де, ақша беріп тұрғанын жасырмады.

«Менің де өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның рөлін ойнағанмын. Елдің адамы болған соң көп нәрсені ашық айтпадым — бекер екен. Ол өтірік күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелерінен шаршадым. Еркек басымен “жертво” болып отыр. Біз біраз уақыт бұрын ажырасқанбыз, бірақ біразға дейін бір шаңырақ астында өмір сүрдік. Енді бәрін ашып айтамын. Киноға жасаған қастандығын, қызғаныштарын… Өнерімді тартып ала алмайды. Біз бақытты өмір сүрмедік. Кеткен әйел қашан да жаман көрінеді. Өзім еркек те, әйел де болудан шаршадым. Ол істейтін ісі жоқ, тамағы мен киімін кім алып жүргенін де білмейді. Кетіп қалсам да ақша сұрап, маза бермейтін. Сау адамға ақша беріп жүрдім, құрбыларым тоқтат деді. Беруді қойған соң, енді осындай әңгіме шығарып отыр», – деп жазды Бадықова.

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат