jasqazaq.kz

Дариға Бадықова: Минутқа жетпейтін әнге 1 миллион бере алмаймын

14 қараша 2023, 16:45

Актриса Дариға Бадықова отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде өзінің алғашқы продюсерлік фильміне саундтрек табуда көп қиналғанын сөз етті.

Бұл туралы kaz.caravan.kz хабарлады.

«Әнге, жалпы саундтрекке келгенде сыған болдым. Барлық композиторларға шықтым, сатып алуға дайын болдым. Қанша тұратынын білемін. Жалпы бізде фильмге жаңа саундтрек жазылу керек деген стереотип бар, мен сені бұзғым келді. Осы «Таптым-ау сені» фильмінде ең сезімге толы сахна бар, сол жерге күшті бір музыка керек болды. Фильмнің аты да «Таптым-ау сені», ән де Қазыбек Құрайыштікі болу керек болды. Фонға 15-ақ секундқа қою керек болды. Бірақ Қазыбек Құрайышты алу мүмкін емес болды. Мынау ұят қой деп аудио да жаздым. Жауап болмады. Атқарушы продюсер бере алмаймын деп айтты деді. Әнші Калифорнияның бір әні қойылатын болды. Ол кісіні де ала алмадық. Соңында 1 миллион теңге деді. Минутқа жетпейтін әнді 1 миллион теңгеге алу мен үшін өте қиын. Егер мен қалталы продюсер болсам, сатып алуым мүмкін. Қазір мен қалтасыз продюсермін. Жырттыққа жамап, бір-біріне қосып жатырмын. Мен мүлде төлемеймін деген жоқпын, біреудің құнын жемеймін, рақметімді айтар едім. Бірақ 1 миллион теңге бере алмадым», — дейді актриса.

Желі қолданушылары әншінің өз еңбегін бағаланда тұрған ештеңе жоқ екенін жазуда.

«Ол неге беру керек өзінің еңбегін», «Дариға әпше, сіз 15 секундқа тегін шығып бермейсіз ғой, әрине ақша сұрайды», «Оның осы әні ғана хит. Сол себепті бермеген деп ойлаймын», «Ешкім тегін бермейді ғой әнін. Тіпті бермеуге де хақы бар деп ойлаймын», — деп жазды олар.

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік