Дархан Қыдырәлі: Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн» атты акция өтеді

17 тамыз 2023, 15:43

 

Түркістанда Балаларға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбындағы дөңгелек үстелде ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі орлық-зомбылыққа қарсы 30 күн акция өткізілетінін мәлімдеді.

Д.Қыдырәлінің айтуынша, министрлікке қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу жөніндегі 2023 жылғы өткізілген жаппай сауалнамасының нәтижесінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары ретінде бірінші орында жаман әдеттер (алкоголизм, нашақорлық, ойындарға құмарлық) тұрғанын атап өтуге болады. Респондеттердің жартысынан көбі осындай жауапты таңдаған (55,3%).

«Сондықтан күрделі мәселелер бір-бірімен жең ұшынан жалғасып жатыр және оны министрлік те жан-жақты зерделеп, өз құзіреті бойынша тиісті шара қабылдап келеді», — деді министр. Атап айтқанда, 2023 жылы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Харассменттен қорғау жөнінде арнайы бұйрық шығарылды.
Дөңгелек үстелде министрлік ҚҚДИ дайындаған «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу жөніндегі нұсқаулықты» ұсынды. Нұсқаулық статистикалық деректерді, қылмыскердің келбетін, ата-анаға кеңестер мен көрші, туыс пен куәгерге деген ұсынысты қоса алғанда, осы салаға байланысты негізгі аспектілерді қамтып отыр.

Дархан Қыдырәлі биыл Қоғамдық даму институтының сарапшылары «Балалар мәселесін БАҚ-та қалай қауіпсіз жариялауға болады?» деген тақырыпта практикалық нұсқаулықты жариялағанын айтты. Бұл – балалар тақырыбы туралы жазатын медиа мамандарға таптырмас методикалық құрал.

Сондай-ақ Түркістандағы жиынға Qazaqstan ұлттық арнасы түсірген деректі фильм көрсетілді. Фильмде балалар арасындағы зорлық-зомбылық проблемасына бей-жай қарамайтын, тәжірибелі мамандардың пікірі берілген. «Қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қатысты алаңдаушылықты негізге ала отырып, оның алдын алу және қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн» атты акция өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған да баршаңызды бірлесе атсалысуға шақырамын», — деді Дархан Қыдырәлі.

JQ-Aqparat

 

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз