Дархан Қыдырәлі: Хақтың сөзі Құраннан бастау алатын «адал азамат» ұғымы дінмен байланысты

18 тамыз 2023, 13:23

Түркістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында көтерген рухани мәселелер бойынша республикалық дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы, Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Болатқызы, сондай-ақ ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, имамдар, еліміздегі жалғыз діни жоғарғы оқу орны Нұр-Мүбарак университетінің, ақпараттық-насихаттау, оңалту орталықтарының өкілдері қатысты.

Министр Дархан Қыдырәлі  Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысында ел Президенті көтерген рухани мәселелерге қатысты пікірін бөлісіп, дін мамандарының қызметін тілге тиек етті.

“Түркістан топырағында ұлт зиялыларының басын қосқан Ұлттық Құрылтай өткені баршамыздың есімізде. Сол алқалы жиында Мемлекет басшысы: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі», – деп атап көрсетіп, «адал азамат» концепциясын алға тартқаны белгілі.
Бүгінгі жиынның осы шаһарда өтуінің маңызы зор. Себебі сонау замандардан, хақтың сөзі Құраннан бастау алатын «адал азамат» ұғымы дінмен тікелей байланысты. Естеріңізде болса, Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Марал ишан бабамыз Кенесары ханға сыйлаған Құранды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына беруді тапсырған болатын. Аталған асыл мұра күллі түркі әлемінің ұстазы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қойылмақ. Бұл халқымыздың рухани өміріндегі елеулі оқиға боларына шүбә жоқ”, — деді Дархан Қыдырәлі.

Жиынға қатысушылар деструктивті діни ағымдардың алдын алу, салалық сын-қатерлерге уақтылы төтеп беру үшін кешенді талдау мен зерделеу жұмыстарына басымдық берілу қажеттілігі секілді бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныс білдірді.

Дархан Қыдырәлі іс-шарада бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, орынды ұсыныстар ортаға салынғандығын атап өтіп, қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары мен сындарлы сарапшылық пікірлері үшін шынайы алғысын білдірді.

JQ-Aqparat

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз