Дархан Қыдырәлі азаматтарды қабылдады

16 тамыз 2023, 15:48

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелеріне құлақ түрді.

Кездесу барысында министр азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты мен ақпарат саласындағы жұмыстар туралы айтып берді.

Қабылдауға келген жандар жастар жайы, отбасы құндылықтарын насихаттау, қоғамдық жобаларға грант беруге қатысты түрлі сұрақтар қойды. Сонымен қатар, отандық брендтерді дамыту үшін телесериалдар түсіру, ақпарат құралдарын шығару, үкіметтік емес ұйымдарды өркендету мәселесі сөз болды.

Министр азаматтардың сұрақтарына толық жауап берді. Олардың сауалдары алдағы уақытта жұмыс барысында назарға алынатынын атап өтті.

Еске салсақ, биылғы шілде айынан бастап Астанадағы Министрліктер үйінде азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істей бастады. Халықпен жұмыс жөніндегі орталық мемлекеттік органдардың бірыңғай фронт-желісі болуға арналған. Мұндай орталықты ашу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырумен байланысты.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады