jasqazaq.kz

Даниал Ахметов аязда тоңған тұрғындардан кешірім сұрады

19 қараша 2016, 10:42

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жылусыз қалған Зырян тұрғындарынан осы уақытқа дейін жөндеуден өтпеген қалалық жылу жолдары үшін кешірім сұрады.

photo_31670

Шаһардың көпқабатты үйлеріндегі жағдайды қарамағындағылардың салғырттығынан деген әкім көмусіз қалған жылу құбырларын тез арада қалпына келтіруді тапсырды. КТК телеарнасының мәліметінше, қалада құбыр ауыстырумен үш мердігер компания айналысқан екен. Бірақ бірде-бірі бұл шаруаны аяғына дейін атқармаған. Бірінің еңбекақы төлейтін ақшасы болмаса, екіншісінің басшысы ізім-қайым жоғалған. Үшіншісінің де шаруасы өнбепті.

«Мен жұмыстардың дер кезінде орындалмағаны үшін Зырян тұрғындарынан кешірім сұраймын», — деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге салсақ, Зырян қаласындағы жылу құбырлары күрделі жөндеуден соң көмусіз қалған еді. Енді оны жергілікті билік мердігерге тапсырмай, өздері жөндеуі тиіс

«4-5 күннің ішінде қалған жұмысты істеуге болады. Оған мүмкіншілік бар. Мен әкімге тапсырма бердім. Өздерінің жұмыскерлері содан кейін «Казцинктің» жұмыскерлерін алып, жөндеу жұмысын бітіру керек», — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, Зырянның кейбір аудандарында осымен жарты жылдай ыстық су жоқ.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді