Дәнекер Оразбай: Арада келіспеушіліктер көп болды

07 қыркүйек 2023, 16:54

Актер Дәнекер Оразбай «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында Әбунасыр Серіковпен арадағы түсінбеушілік туралы сөз етті.

«Біз Әбунасыр Серіковпен 10 жыл бірге жұмыс істедік. Театрды ұрыс-керіс, айқай-шудың арқасында тарады деп айта алмаймын. Командалық жұмыс болған соң ондай болып тұрады. Ол кісі директор, мен режиссер болдым. Келіспеушіліктер көп болды. Театр тарамай тұрып, жаздың ыстық күнінде көрермен Мәдениет сарайына келіп, концерт көрмейді. Жазда залда 27 адам отырады. Оған Әбунасыр ағамыз: «Шығамыз, біз өнер адамымыз. Баруымыз керек. Үш адам болса да концерт береміз» деп айтты. Сонда күннің ыстығында әбіржіп жүргенде балалардың атынан қатты сөйлегенім бар. Бұл жұмыс барысында болатын қалыпты дүние», – дейді.
«Нысана» театрының мүшесі Нұрбол Айтулов не себепті тарағанын түсіндірді.

«Қайбір жылы Әбеке ауырып, қант диабетіне шалдықты. Одан мойнында жарық (грыжа) пайда болды. Содан ол кісі денсаулығымен әлек болып кетті. Денсаулығы дұрыстала бастағанда карантин басталды. Одан концерт түгілі үйден шыға алмай қалдық”, – деді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді