jasqazaq.kz

Дана Нұржігіт сынның астында қалды

12 наурыз 2018, 10:48

Журналистке тән бір еңбегі жоқ: Дана Нұржігіт сынның астында қалды

Елімізге белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт сынның астында қалды. Осыдан бірнеше күн бұрын филология ғылымдарының докторы Қуандық Шамахайұлы оның тек қана диктор екенін айтқан болатын.

Журналист Тоқтар Жақаш та әріптесінің сөзін қолдап шықты, –  деп хабарлайды NUR.KZ.
Қуандық Шамахайұлы мен Тоқтар Жақаш бұл пікірлерімен Facebook парақшасында бөліскен.
«Тележүргізуші мен журналисті неге айырмайсыздар? Аудармасы қате ме? Жүргізуші десең — шофер боп кетеді. Жүргіш деуге тіпті болмайды. Журналист пен жүргізушіні айырмау — бас пен аяқты айырбастаумен бірдей ғой. Қысқасы, жазатыны — журналист. Оны жылтыңдап эфирде айтқышы — жүргізуші.

Журналистке тән бір еңбегі жоқ: Дана Нұржігіт сынның астында қалды
CNN-де қырық жылдай тележүргізуші болған әлемге танымал Ларри Кингтің өзі «журналист емеспін, жай адаммын» деп үнемі ескертіп жүреді. Оның қасында басқалар кім, соншама? Сондықтан, журналист-редактордың жазып берген дайын мәтінін оқып қана экран алдында сарнап отыратындардың бәрі өздерін журналистер санатына жатқызбасын. Журналистикаға қатысы жоқ, тек солардың арқасында эфирге шығып, елге танымал болғандардың кейбір оғаш қылықтары мен қате әрекеттері үшін кәсіби мамандарға көлеңке түсіруге болмайды. Жүргізушілердің танымал болуына жағдай жасап отырған қыруар еңбек иелері журналистер кадрдан тыс жерде тер төгіп отырғанын ұмытпаңыздар», — деді Қуандық Шамахайұлы.

Ал Тоқтар Жақаш «Дана Нұржігіт адам ретінде ашық жарқын, тартымды, *интересный* келіншек. Бірақ тілші ретінде не кәсіби, не әуесқой журналистке жатқызу қателік. Журналистке тән бір еңбегі жоқ. Жүргізушілік шеберлігі мен өзінен басқаға қызмет етпейтін интеллекті басқа тақырып. Ал былай, журналистика тілінде жап-жақсы *говорящая голова*. Бұл жөнінде Қуандық Шамахаймен толық келісемін. Дикторлар кадр сыртындағы журналисттің еңбегімен ғана танылады», — деп жазды.
Журналистке тән бір еңбегі жоқ: Дана Нұржігіт сынның астында қалды

Ал оқырмандар сын таққан азаматтардың пікірімен келіспеді.

«Дана, дара болмаса да ел алдында сүйкімі бар. Азды-көпті айтары бар журналистердің бірі. Ал «Дара жолы» ма, ол ортаңкол, бәлкім одан да төмен хабар ғана. Оны көтеріп отырған Данаға деген елдің сүйіспеншілігі. Бұл тұрғыдан алғанда «Дара жол» Данаға қарыздар. Расын айтсақ, ол хабарда көтере мақтаудан өзге не бар. Советтік шаблон ғана баяғы.Ал, Данаға қатысты ма, ол кісіні өзім де қатты жақсы көрем»,

«Мәселенің тереңде жатқанын түсіндім. Бірақ, Дана қыздың оған қандай қатысы бар?! Ол өзіне жүктелген міндетті атқарып жүр. Егер де дұрыс атқармаса, ол — басқа тақырып. Оған «журналист» деп айдар тағып жүргендер сол журналист-сымақтардың өздері емес пе!?», «Жас кезінде журналист болады, орта жастан асқан соң журналист болып жүгіру оңай емес. Мысалы, Жайна Сламбек кезінде мықты журналисттердің бірі еді, қазір тележүргізуші. Нұртілеу Иманғали да дəл сондай» — деді олар.

Айта кетейік, тележүргізуші осыдан біраз уақыт бұрын тұрмысқа шыққан болатын. Оның бір ұлы бар.

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен