Дана Кентай: Тойдағы екі әнге — 200 мың теңге аламын

03 қазан 2023, 16:27

Әнші Дана Кентай той арасында екі ән айту үшін 200 мың теңгеден жоғары гонорар сұрайтынын айтты. «Қызықты weekend» бағдарламасында өнер иесі қыз ұзату үшін қанша ақы талап ететінін де баяндап берді.

«Менің жұмыс күндерім жұма, сенбі, жексенбі күні болады. Ал дүйсенбі, сейсенбі күндері демаламын. Жұмысым түстен кейінгі уақытта басталады. Екі-үш тойға қатарынан кіріп шығамыз. Көбіне ұзату тойында «Қыз ұзату», «Бақытты жар» әнін сұрайды. Көбіне билейтін әндерін сұрайды. Ұзатуды халықтың сұранысы бойынша қатты қымбат қылмадық. Басында бүкіл тойды атқару үшін 1 млн теңге қылып бастадық. Қазір тек алыс жерлер болса ғана 1 млн теңге және одан жоғары болады. Себебі, менің көмекшім бар. Оның ұшағы, жататын жері бар. Ал қаланың ішінде ұзату керек болса, ән айту керек болса — 500 мың теңге. Ал тойдың арасында екі ән айту керек болса, 200 мыңнан жоғары кете береді», — деді Дана Кентай.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді