jasqazaq.kz

Дамудың сыры — бірлікте, табыстың сыры — тірлікте

24 қыркүйек 2024, 12:19

«Біз көп ұлтты мемлекетпіз.  Елімізде 130-дан астам ұлттың өкілі бар. Бірақ барлығын Қазақстан деген ортақ шаңырақ біріктіреді.  Біздің татулығымызға дүниежүзінің  елдері қызыға да, қызғана қарайды».

Алматы қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Болат Оспанов осылай дейді.  

Ал осы көп ұлттың басын біріктіріп, әрқайсысының  этномәдени дамуын қолдап отырған Қазақстан Халқы Ассамблеясының маңызы зор.  Болат Оспанов айтқандай, бұл — біздің елдегі бірегей құрылым. Бірлік пен тұрақтылық жайында сөз қозғағанда, әрине, еліміздегі көп ұлттың бір-бірімен достығы, ынтымағы, сыйластығы айтылады.

«Ассамблея мүшелері  ана тіліміз бен дінімізге құрметпен қарай отырып, өзінің салт-дәстүрі мен тілін, ділін дамытып отыр. Еліміз өзге ұлттың мәдениеті мен руханиятын сыйлайды, әрі өзінікін де сыйлата біледі. Сондықтан да бірлік пен тұрақтылықты сақтау, татулықты ту етіп алға қарай ұмтылу — біздегі ұлттардың басты мақсаты.

«Дамудың сыры — бірлікте, табыстың сыры — тірлікте» демекші, еліміз қашанда бірлік пен тұрақтылықты ту етіп, халықтар достығын нығайтуға бар күшін салуда. Осы ретте этнос өкілдері де еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті, татулық пен ынтымақты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді», — деді Болат Оспанов.

Бұл  елімізде өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлттың мақсаты мен мүддесі бір екенін көрсетеді.

Әлима Әлмерек

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?