jasqazaq.kz

Дамир Рыспаев: Кешірмесе кетемін (видео)

09 наурыз 2017, 19:25

Өткен жылдың 8 тамызында маусым алдында дәстүрлі түрде өтетін Қазақстан Президенті кубогы барысында қытайлық «Куньлун» клубымкен өткен ойында қорғаушы Дамир Рыспаев бірнеше хоккейшімен төбелесіп қалған еді. Ол кезде Рыспаевтың өзі Дастин Бойдқа ауыр жарақат жасағаны үшін, қытайлық хоккейшілерді соққы алғаным деп түсіндірген еді.

vesti.kz хабарлағандай, бұл ойыннан кейін Құрлықтың хоккей лигасының өкілдері маусым алдындағы ойындардың барлығынан шеттеткен еді. Кейіннен оның жазасын ауыстырып, Рыспаевқа мерзімі шектелмеген жаза тағайындады. Мұндай жаза лига тарихында бірінші рет қолданылған болатын.

Егер ҚХЛ оның жазасын кешірмейтін болса, Солтүстік Америкаға көшіп кететінін айтыпты.

«Маған ҚХЛ жазаны 18 тамыз күні тағайындады. Содан кейін ҚХЛ тек жарты жылдан кейін менің мәселемді қарастырды. Бірақ оның өзінде нақты ешқандай шешім шығармады. Жазаны ҚХЛ-да, Халықаралық хоккей федерациясы да тағайындап отыр. Егер мұнда менің жазамды кешірмейтін болса, келер маусымда мен Солтүстік Америкаға кетемін», — дейді қорғаушы.

Айта кетейік, қазір Рыспаев «Барыстың» фарм-клубы болып саналатын «Номад» сапында өнер көрсетіп жатыр. Қазақстан біріншілігінде ол 37 ойынға қатысып, 1 шайба соғып, 3 нәтижелі пас берді. Бұл ойындардың ішінде ол 41 минутқа айыпталған.

ҚХЛ-дың жазасына байланысты да Дамир Рыспаев Алматы төрінде өткен қысқы Универсиада ойындарында да Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсете алмады.

https://www.youtube.com/watch?v=nbfx6jLFVjA

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті