jasqazaq.kz

CDO – Digital Workshop 3.0 семинары басталды

03 шiлде 2025, 19:05

Бүгін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп ұйымдастырған CDO – Digital Workshop 3.0 семинары басталды. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, өңірлік цифрландыру басқармаларының өкілдері, ІТ сарапшылар мен салалық серіктестер қатарынан 90-нан астам қатысушы жиналды.

CDO – Digital Workshop семинары үш жыл қатарынан өтіп, цифрлық трансформация мәселелерін талқылайтын, тәжірибе алмасатын және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған практикалық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беретін тиімді алаң ретінде қалыптасты.

«Цифрлық трансформация – барлық деңгейдегі билік органдарының үйлестірілген әрекетін талап етеді. Бұл семинардың мақсаты – орталық және жергілікті органдар арасында тиімді диалог орнатып, цифрландырудың басым бағыттарын бірге талқылау. Сондай-ақ цифрлық теңсіздікті жою, байланыс сапасын арттыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдар жасау», деді ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі Досжан Мұсалиев

Биылғы бағдарламаның аясында тоғыз тақырыптық сессия өтеді. Олар: цифрлық инфрақұрылымды дамыту, төмен орбиталық спутниктік технологияларды енгізу, қалалық ортаны цифрландыру, мемлекеттік үдерістерді автоматтандыру және байланыс сапасын арттыру сияқты басым бағыттарға арналған.

Семинар еркін форматта өтуде — негізгі бағыт шынайы мәселелер мен мүмкіндіктерге арналған. Қатысушылар өңірлердегі цифрлық трансформацияны жеделдетуге қатысты кедергілерді, үздік тәжірибелер мен алдағы қадамдарды бірлесіп талқылауда.

JQ-Aqparat
Сурет: цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитеті

07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі