jasqazaq.kz

БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгені заңсыз шығаруға қатысты іс бойынша тәркіленген мүлік көрсетілді (Видео)

22 қыркүйек 2025, 16:44

Атырау облысында жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асатын зейнетақы жинағын жымқыру схемасы әшкере болды. Қаржы мониторингі агенттігі желідегі ресми парақшасында тәркіленген мүлікті көрсетті.

Қаржы мониторингі агенттігінің Instagram желісінде жариялаған мәліметі бойынша, жалған емханалар мен 226 дроппер арқылы жымқырылған қаржы 200 млрд теңгеден асқан.

«Күдіктілер салымшылардың ақшасына құны 600 млн теңгеден асатын 15 элиталық көлік сатып алған.

Брендтік зергерлік бұйымдар, сонымен қатар коммерциялық үй-жайлар, пәтерлер мен жер учаскелері.

Қылмыстық жолмен тапқан мүлікті іздеу әлі жүріп жатыр», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Отбасы банк» өкілдері стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін алынған бірыңғай зейнетақы жинақтарының мақсатсыз пайдалану жағдайлары туралы айтқан болатын.

Банк мәліметінше, соңғы төрт жыл ішінде enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек «Стоматологиялық қызметтер» бағыты бойынша 757 млрд теңге шығарылған. Оның 222,61 млрд теңгесі ТОП-20 стоматологиялық клиникаға түскен. Белгілі болғандай, тек Атырауда орналасқан клиникалардың біріне азаматтар зейнетақы жинақтарының артығынан 22,9 млрд теңге аударған. Клиенттердің бірі 11 рет БЖЗҚ-дағы қаражатты тіс емдеуге пайдалану үшін өтініш берген.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат