jasqazaq.kz

Бюджеттің ақшасын ұрлаған лауазымды қызметкер түрмеден құтылды

14 қараша 2017, 22:54

50 миллион теңгені талан-таражға салса да, жазадан құтылды. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Журналистер шақырылмаған сот процесі кезінде Абат Тасымов өзінің кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келіп, жазадан құтылды. Экс-шенеунікке қылмыстық кодекстің екі бабы, яғни «қызметтік өкілдігін асыра пайдалану» және «қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша айып тағылған болатын.Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.

Мемлекеттің миллиондарын оңды-солды таратса да, Атырау соты Тасымовқа кешіріммен қарады. Сөйтіп, бар болғаны 600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 млн 360 мың теңгеден аса айыппұл салды. Бірақ оны да көп көрсе керек, рақымшылыққа іліктіріп, енді сотталушы бұл қаражатты да төлемейтін болды. Алайда қылмыстық жолмен табылған барлық дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен біржола қош айтысты. Бұдан өзге Тасымовтың орынбасары Жанмұрат Есжанов та облыстың тұрақтандыру қоры үшін 15 тонна жарамсыз құс етін алу үшін сегіз жарым миллион теңгеге қол қойып, істі болған еді. Бірақ Есжанов сот шешімімен миллион жарым теңгеге жуық айыппұл төлеп, құтылып кетті. Жалпы, естеріңізге сала кетсек, Абат Тасымов 2014-2015 жылдары Атырау облысындағы болашағы бар жобаларға қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, одан пайда табу үшін қызметін пайдаланған. Нақты айтсақ, тігін цехы мен ет павильонын ашу үшін миллиондар сұрап, алдына келген кәсіпкерлердің беттерін қайтармапты. Олардың қолында қаржыны қайтаруға қажетті кепілдік жоқ екенін біле тұра, құжаттарға қол қоя берген. Осылайша елу миллион теңгеге жуық қаражат сұраусыз кете барыпты.

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады