jasqazaq.kz

Бюджет мұнайға қарап тұр

09 қараша 2016, 13:19

 

photo_31299

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев республикалық бюджеттің мұнай бағасы мен доллар бағамына тәуелді екенін мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, мұнай бағасы бюджет табысының 45 пайызына әсер етеді.

«Қордан трансферт бөлінген кезде көп мәселе көтеріледі. Мысалы, неге бюджетті жоспарлаған кезде мұнай бағасы ескерілмей қалады. Жұмыстың басында мұнайдың бағасы баррель үшін 46 доллар болды, ал қазір 44 долларды көрсетіп тұр. Яғни, мұнайдың бағасы геосаяси жағдайларға да байланысты өзгереді. Бүгінде үш жылға арналған бюджеттегі қаражат көбінесе мұнай саласындағылардан келіп жатады. Алайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бар: осындай жағдайларға қарамастан әлеуметтік тапсырыстар толықтай орындалуы қажет», — деді ҚР премьер-министрі Мәжіліс отырысында.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бюджет жобасында мұнайдың баррель үшін 35 доллар деп көрсетілгенін айтқан болатын.

Осыған дейін мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тағы президент сайлауының фонында құлдырай бастағаны хабарланған болатын. Айта кетейік, тамыз айынан бері осы сорттағы баррель тұңғыш рет 45 доллардан төмен бағаланып отыр.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді