Бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған

06 қараша 2023, 14:19


Ақтөбе прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласында талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзғандарды анықтады.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ақтөбе қаласы мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары біліктілік талаптарын бұза отырып, 2 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.
Мысалы, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген жұмыстарға лицензия беру туралы талаптар негізсіз белгіленген.
Басқа жағдайда Ырғыз, Алға және Мәртөк аудандарының экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 360 млн теңгеге ведомстволық сараптамадан өтпей, жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу ісін жүргізді.
Бір көзден 296 млн теңге мөлшерінде шарттарды заңсыз жасасудың 18 фактісі анықталды.
«Қабылданған прокурорлық қадағалау шаралармен бұл сатып алулар жойылды. Нәтижесінде 2,6 млрд теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді», — деді Ақтөбе облысы прокуратурасынан.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу