jasqazaq.kz

Бүркіт пен Аиша қаржы пирамидасына қалай алданғандарын айтты

29 қараша 2017, 11:42

Бүркіт Аиша екеуін қаржы пирамидасымен айналысып, халықтың қалтасын қағатын алаяқтардың алдап кеткенін айтты. Әншінің сөзінше, олар жұлдызды жұпқа хабарласып, қомақты сыйлық ұтып алғандарын жеткізген. Кейіннен сыйлық тапсырамыз деп алдап шақырып, көпшіліктің көзінше өз бизнестерін насихаттаған деп хабарлайды «Хабар» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Былтыр күзде маған біреу хабарласты: Сіздің нөміріңіз осындай -осындай бір ойынға қатысып еді, сіз жақсы сыйлық ұттыңыз»,-деді. Пенде деген қызыққыш келеді ғой, содан мен Аишаны алып, олар айтқан күні сағат 16:00-де бардым. Келдік, өзім ішімнен алдайтындарын сезіп отырдым. Себебі бүгінде алаяқтар қаптап кетті. Кіргенімізде 20 шақты адам отырды. Сосын олар өз жобаларын тақталарына жазып, сызып түсіндіре бастады. Сосын мен шыдай алмай кетіп: «Қандай сыйлық бересіңдер?» деп сұрадым. «Қазір, қоя тұрыңыз»,-деді олар. Сол сәтте мен мұның көзбояушылық екенін түсіндім.

«Жиырма адамның ішінде қарапайым халық отыр, арасында мен сияқты белгілі адамдарды әдейі шақыртып жарнама жасап қояды екен. «Міне, бізде Бүркіт пен Аиша отыр, бізге олар сенеді!» деген сияқты. Соңында жүйкем сыр беріп: «Сендердің мыналарың болмайды. Сендерге 500 доллар беріп, екі айдан кейін 1500 доллар-ғып қайтарсыңдар. Неліктен?»,- деп сұрақ қойдым. Сосын 10 минут өткен соң бізді бөлек шығарып алып: «Сіздер міндетті түрде ұтасыздар, сіздерге шетелге саяхат жасаймыз»,-деді. Содан кейін мен оңбағансыңдар деп айттым. «Алатау» шипажайының жанында орналасқан, компания аты есімде жоқ»,- деді Бүркіт.

Әнші сөз соңында қарапайым халықтың мұндай қаржы пирамидаларына сенбеуін өтінді.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда