Бүркіт: Аишаның даусы жоқ екені шындық

03 қазан 2023, 12:28

Белгілі әнші Бүркіт “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әйелі Аишаның әншілік қабілетіне күмән келтіріп, “дауысы жоқ” деп сынға алғандарға жауап берді.

“Бір жағынан шындық. Ол кісі асқан әнші емес. Ол – биші. Екеуіміз үйленбей тұрып “бірге ән жазып көрейік” деп ұсыныс жасаған болатынмын. Сол жылдары компьютер дамыған. Ол менің Аишаны өзіме қаратудың амалы болды. Сөйтіп екеуіміз “Раба любви” деген ән жаздық, бейнебаян түсірдік. Клип Аишаның биімен жақсы кетті. Ол мықты билейді. Халық күтпеген жерден қабылдай бастады. Үйленген соң тағы бір ән жаздық. Сөйтіп дауысы шығып, үйрене бастады”, – дейді Бүркіт.

Әнші өзінің де керемет дауыс иесі емес екенін мойындады.

“Бұрын менде асып жатқан дауыс болмады. Қоңыр дауысым бар. Бірақ оны дамытуға болады. Мысалы хрипотцой деген мәнер бар. Мен соны дамытып келе жатырмын. 5-6 жыл бұрын Владимир Высоцкийдің әндерін айта алмайтынмын. Дауысыма сәл қырыл қоссам жөтеліп кететінмін. Қазір оңай айтамын”, – деп ағынан жарылды өнер иесі.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді