Бұл күйдің авторы мен

25 қыркүйек 2023, 11:39

Әнші Сейфуллин Жолбарыс «Ұйқым келмейді» бағдарламасына сұхбат берген кезінде «Хафиз» күйінің авторы екенін сөз етті.

Әншінің айтуынша, 1998 жылы шыққан «Хафиз» күйін ең алғаш рет Асылбек Еңсепов орындаған. Бүгін де бұл туындысы халық арасында кеңінен танымал. Көпшілік күйдің авторы Сейфуллин Жолбарыс екенін біле бермейді. Сондай-ақ жұрт күйдің шығу тарихын білмегендіктен, кей жерлерде орынсыз қойылып жүр. «Бір қарасам, «Хафизбен» ет тартып жатыр, бір қарасам, Түркияда мода көрсетіп жатыр. «Хафиз» – ең бірінші ұлым дүниеге келіп, төрт айлығында шетінеп кеткен кезде сондағы мұң, қайғыдан өмірге келген туынды. Сондықтан бұл қайғылы музыка», — дейді. Өз кезегінде желі қолданушылары да белгілі күйдің авторы Сейфуллин Жолбарыс екенін естігенде таңғалған. «Сейфуллин күй шығарған ба?», «Хафиз керемет күй, ол күйді Секен Тұрысбеков немесе басқа күйші шығарды деп ойлағам», «Әр күйдің тарихын білген дұрыс», — деп жазды оқырмандар.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді