jasqazaq.kz

Бұқаралық спортпен шұғылдануға 1251 нысан жасақталды

29 қараша 2017, 12:21

Жамбыл облысында спорт нысандарының жалпы саны 2026-ны құрайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков осындай дерекпен бөлісті.

Оның сөзіне сүйенсек, 2017 жылы дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға 8 495,4 млн теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға өскен (6 945,1 млн. теңге).

2017 жылдың 1 қарашасына облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 317,6 мың адамды немесе 28,4% ды құрады (өткен жылмен салыстырғанда 19,9 мың адамға немесе 1,7 %-ға өсті).

Сонымен қатар дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 139,6 мың адамға жетті. Бұл облыстағы жалпы жастардың 53% (263,2 мың адам) құрайды(өткен жылмен салыстырғанда 9,2 мың адамға немесе 5,0 %-ға өсті).

Қазіргі таңда облыста спортпен жүйелі түрде шұғылданатын дене мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 1621 немесе 4,3%құрайды.

Облыста спорт нысандарының жалпы саны 2026-ны құрайды (1 спорт сарайы, 19 стадион, 665 футбол алаңы, 556 спорт залы, 664 спорт алаңшалары және 121 басқа да нысандар).2016 жылмен салыстырғанда 4 спорт нысанға өскен.

Тұрғындардың, оның ішінде жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарына кол жетімділігін арттыру мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіліп, қолжетімді 1251 спорт нысаны (оның 410-ы Тараз қаласында, 841-і аудандарда) анықталды. Оларда тұрғындар үшін арнайы кестелер жасалып, жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды. Бұл қолжетімділік көрсеткіші 2016 жылмен (1024 нысан) салыстырғанда 227 спорт нысанға  өскен.

Үстіміздегі жылы 6 спорт нысанының құрылысы басталып, 2018 жылы қолданысқа беру жоспарлануда:

  • №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне 3 ангарлық типті спорт зал (жалпы құны 494,7 млн.теңге);
  • Тараз қаласында №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі велосипед базасы (жалпы құны 146,7 млн.теңге);
  • Қордай (431,7 млн. теңге), Байзақ (363,4 млн. теңге), Т.Рысқұлов (362,7 млн. теңге) және Талас (282,5 млн. теңге)аудандарында дене шынықтыру және сауықтыру кешендері.

Сонымен қатар Меркі ауданындағы №18 спорт мектебі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына  269,0 млн теңге бөлінді.

2017 жылдың 1 қарашасына облыста 2722 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 412,6 мың адам тартылды.

Облыста халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорттық резервтерді дайындау мақсатында 45 спорт мекемесі жұмыс атқарады (27 аудандық спорт мекемелері, 7 облыстық спорт мектептері, спорт түрлері бойынша 6 спорт клубтары, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты»).

Облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған. Оның ішінде 22 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрі бар.

Сонымен қатар, облыстағы          спорт мекемелерінде 24 065 спортшы (15 274 спортшы ауылдық спорт мектептерінде) тұрақты түрде спортпен шұғылданады.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін түрлі деңгейдегі 269 халықаралық жарыстарға 2200-ден астам спортшы қатысса, 237 оқу жаттығу жиындарына 2900-ден астам спортшы қатысты.

Қазіргі таңда облыстан ұлттық құрама командалар тізіміне 558 спортшы енді (ересектер-203, жастар- 178, жасөспірімдер-177). Өткен жылмен салыстырғанда 105 спортшыға өскен.

 

 

 

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда