jasqazaq.kz

Бүгінгі аударманың сиқы

12 ақпан 2021, 15:54

Олқылықтар әлі түзеледі…

«Бұдан былай мемлекеттік мекемелердің, елді мекендер мен көше аттарын тек қазақ тілінде жазу керек. Тілге қатысты олқылықтардың әлі де түзелмей келе жатқанының бірнеше себебі бар. Ең бастысы – тілге деген немқұрайдылық. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлағалы жатсақ та, әлі де көшедегі ана тілімізді қорлап, қате жазылған ақпараттан құтыла алмай келеміз. Теледидар мен газеттерде айтыла-айтыла ақжем, жаза-жаза жауыр болса да, баяғы жартас – сол жартас. Тіпті үйреніп те кеттік, кейде күлеміз. Шарасыздықтан күлетін шығармыз… Депутат болып келгесін, бірінші кезекте осы мәселені қолға алып жатырмыз. Бұрынғы әріптестерім бастаған жұмысты жалғастыру және осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын басқару өзіме бұйырды. 2018 жылы кәсіпкерлердің кәсібіне кедергі келтірмеу мақсатында аймақтық Тілдерді дамыту басқармаларынан жарнаманы бақылау құзыры алынып тасталған екен. Тіл комитетінің мәліметі бойынша, 2018-2020 жылдар аралығында 12 000-нан астам қате аударма мен жарнама жарияланған. Алдағы уақытта көше атаулары мен көшедегі жарнамаларға мониторинг жүргізуді Тілдерді дамыту басқармаларының құзырына қайтаруды талап ететін заң жобасын ұсынбақпыз. Әріптестеріммен бірге осы мәселені көтереміз.

Көшедегі қателердің әлі де түзелмей келе жатқанының бірнеше себебі бар. «Біріншіден, мұндағы басты кемшілік – ана тілімізге салғырт қарау, еш жауапкершіліксіз аудару, тілімізге жан ашымау. Екіншіден, жарнама, дәрі-дәрмек анықтамасының, сол сияқты әр саладаға көптеген анықтамалардың дұрыс аударылмауы да – қазіргі қоғамның «бас ауруы». Бүгінде қазақ тілін меңгерген отандастарымыздың саны артып келеді! Сондықтан да мемлекеттік мекемелердің, елді мекендер мен көше аттарын тек қазақ тілінде жазатын уақыт келді.

Берік Әбдіғали,
Мәжіліс фдепутаты:

Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді