jasqazaq.kz

Букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуыл (видео)

04 желтоқсан 2017, 15:50

Қазнетте қарулы шабуылдың видеосы таралып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.

Болжаммен шабуыл жасалған мекеме — букмекерлік кеңсе. Видеода бетперде киген үш адамның ғимаратқа баса-көктеп кіргенін көруге болады. Олардың қолдарында қаруға ұқсас зат болған. Осы кезде екі қыз үстелде ұйықтап отырған, ал залдың ішінде күзетші ұйықтап жатқан.

Қаруланған адамдарды көрген күзетші бөлмеден қашып шығады. Шабуылшылардың бірі қыздар отырған үстелге барып, бір қызға соққы жасап, ақша беруін талап етеді.  Кейінірек екінші қыз үстелде бар ақшаны қолына алады, алайда ер адам оның басынан ұрып, ақшаны қолынан жұлып алады. Шабуылдаған екі адам қолдарында қаруға ұқсас затты көрсетеді. Ақшаны алған ұрылар оқиға орнынан қашып кетеді.  Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға Ақтөбеде болған. Басқа да мәліметтер тексеріліп жатыр.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда