Браконьерлерден бір тоннадан астам шаян тәркіленді

01 қараша 2023, 13:36

Шығыс Қазақстан облысында браконьерлер бір тоннадан астам шаян аулап, мемлекетке 8 млн теңгеге жуық залал келтірді.

Тәртіп сақшылары «Күршім-Үлкен Нарын» тасжолында «Газель» жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктен жалпы салмағы 1241 келі болатын 92 қап тірі шаян табылды.

«Ұлан ауданының 44 жастағы тұрғыны бір тоннадан астам шаянды құжатсыз алып жүрген. Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі шаяндарды бұрын белгісіз адамдардан сатып алғанын, содан кейін оларды көлікке тиеп, сату үшін Өскемен қаласына жолға шыққанын жеткізді», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күршім аудандық инспекциясының мәліметінше, осының салдарынан мемлекетке келтірілген залал сомасы – 7 712 000 теңге.
Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау, жинау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу