jasqazaq.kz

Қ.Бозымбаев: Қарызға белшесінен батқан алпауыт компанияларды атады

27 желтоқсан 2016, 17:10

Министрдің сөзіне қарағанда, жылу маусымы басталғалы бері бір жарым айдың ішінде бір ғана «ҚазТрансГаз Аймақ» кәсіпорны алдындағы энергия шығарушы компаниялардың қарызы 9,3 млрд. теңгені құрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ең көп қарызы барлардың ішінде МАЭК-Қазатомөнеркәсіп — 5,3 млрд. теңге, «Энергоорталық Шымкент» кәсіпорны — 1,5 млрд. теңге, Алматы жылукоммунэнерго — 839 млн. теңге, Жайық жылуэнерго — 680 млн. теңге және Қызылорда жылуэнерго — 614 млн. теңге», — деді Қ.Бозымбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында. Оның айтуынша, «Богатырь көмір» компаниясы алдындағы энергия өндірушілердің қарызы да бір миллиардқа жуықтайды. Көмір үшін борышкер болып отырғандардың үштігіне Екібастұздың ЖЭС-2, Павлодарэнерго мен Астанаэнерго енді. «Алдағы уақытта отынды жеткізу жағынан қиындықтар туындамас үшін Маңғыстау, Оңтүстік Қазақтан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері өз қарыздарын өтеуі тиіс», — деп атап көрсетті министр.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті