«Бөтен еркек баламның көзін шұқымасын» деп бақытынан бас тартқандар бар

28 қыркүйек 2023, 16:10

Әнші Меруерт Түсіпбаева Алматыда анасының ашынасы ұрып өлтірген баланың өліміне қатысты өз пікірін жазды.

«Достарым!! Көптен пост жазбадым…. Жаз бойы той-тойлап, қыз ұзаттық, енді студенттерде сабақ басталды, үй жөндеу, бітпейтін күйбең тірлік…. Кешеден бері  сайттар жарыса жазып жатқан  Алматыда болған хайуандық маза бермеді…. Қолыма қалам алғызды. 4 жасар шешесімен тұрып жатқан ботақанды, сол әйелдің 19 жасар ашынасы (сожитель — любовник) ұрып, іш құрылысын езіп жіберген. Обал-ай, онымен қоймай, балабақшасына апарып тастаған…. Әйтеуір, «суға батпайтын» тәрбиешілер бар ғой, жаман ана ақыл берген ғой…. Өлсе, солардан көрерміз деп…..

Мисыз, ессіз айел туралы АНА деп жазуға қолым бармады…. Артық кетсем,  кешіріңіздер…  Мыңдаған әйел бір балаға зар болып отырғанда, сап-сау, өсіп қалған баланы ұрып өлтіргені несі?! Қатыгез, жауыздар-ай… Мен талай әйелді білемін, екінші рет тұрмыс құрғысы келсе де, «бөтен еркек баламның көзін шұқымасын» деп өз бақытынан бас тартып, баласын жалғыз өзі жетектеп жеткізген.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді