Бопсалаушылар көлігі мен ақшасын тартып алған

09 тамыз 2023, 14:19

Өскемен қаласы тұрғынының көлігін, қымбат бағалы екі ұялы телефоны мен 800 мың теңгесін бопсалап тартып алған екі адам ұсталды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,
Жергілікті тәртіп сақшыларына екі адамның жабылып Өскемен тұрғынын бопсалағаны туралы ақпарат түскен. Полицейлер ҚР Ұлттық ұланының арнайы бөлімшесімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Көп ұзамай 25 және 26 жастағы екі күдікті ұсталды.
«Олар жәбірленушіні қорқыту үшін қала сыртына күштеп апарған. Қылмыстық әрекеттерімен оның «iPhone 14 Pro» маркалы екі ұялы телефонын, 800 000 теңге ақшасын және «Mercedes-Benz» маркалы көлігін бопсалап алған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады. Заттай дәлелдемелер ішінара (400 000 теңге сомасындағы ақша) алынды», — делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, автокөлікті тексеру барысында салоннан қосауыз шолақ мылтық пен 4 оқ табылды. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігіне, 125-бабы 2-бөлігіне және 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады