jasqazaq.kz

Болашақ офицерлер заманауи ұрыс тәсілдерін пысықтады

12 тамыз, 21:08

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері үшін далалық оқу жиындарының қорытынды кезеңі аясында кешенді тактикалық сабақтар өткізілді.
Арнайы дайындалған полигонда қарсыластың кенеттен жасалған шабуылына қарсы ұтымды әрекет ету, негізгі күштерден оқшауланған жағдайда қорғаныс ұйымдастыру сияқты шынайы тактикалық сценарийлер модельденді.


Жаттығулар барысында ұрыс жүргізудің жаңа талаптарына — жоғары ұтқырлыққа, бөлімшелер арасындағы үйлесімділікке және қазіргі заманғы байланыс жүйелерін қолдануға ерекше назар аударылды.
Тәжірибелі оқытушы-офицерлердің жетекшілігімен болашақ лейтенанттар өздерінің командирлік дағдыларын жетілдіріп, белгісіз жағдайда тез шешім қабылдауға және бөлімше үшін жауапкершілік алуға үйренді.


Кешенді тактикалық сабақтарға арнайы шақырылған ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, кезінде қазақ армиясының аяғынан қаз тұрып, қалыптасуына үлкен үлес қосқан генерал-майор Әлихан Жарболов, генерал-майор Геннадий Носоновский және генерал-майор Дәулет Салханов сияқты білікті әскери мамандар студенттердің әрекеттеріне жоғары беріп қана қоймай, өздерінің мол өмірлік тәжіриберімен де бөлісті.
Генерал Д.Салханов қазіргі уақытта қазақ халқы ұлы Абайдың 180 жылдығын атап өтіп жатқанын айта келіп, әскери кафедраға данышпанның бір кітабын сыйға тартты. Өз кезегінде ЕҰУ әскери кафедрасының басшысы генерал-майор Еділ Оразов далалық жаттығуға уақыт тауып келген ардагерлерге шын көңілден алғысын білдірді.


Қорыта айтқанда кешенді тактикалық сабақтардың нәтижелері студенттердің қазіргі заманғы ұрыс жағдайында сенімді әрекет ете алатынын, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алатынын көрсетті.
Мұндай сабақтар тек кәсіби дағдыларды ғана қалыптастырып қоймай, болашақ офицерлердің борыш, жауапкершілік сезімін және кез келген жағдайда Отанды қорғауға дайын болу қасиеттерін тәрбиелейді.

Әйгерім Жұмаділова,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу