jasqazaq.kz

«Болашақтан» дау шықты

31 мамыр 2017, 19:55

«Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі» – деуші ме еді. «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшысы Жанболат Мелдешов қарамағындағы қызметкерлерге қарата айтқан сөзі үшін опық жеп отыр. Орталықтағы қызметкерлерге жиналыс ашып, «болашақтықтарды» қойға теңеген екен, әлгі жазбаны компьютердің тілін білетін біреулер алыпты да ғаламторға жүктеп жіберіпті. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» интернет аясын ба, Ж.Мелдешовты бір ауыз сөзі үшін жауапқа тартып отыр.

«Болашақтықтардың» жетекшісі өз сөзінен танбапты. Мен айттым, «өз сөзім өзімдікі» — деп отырған көрінеді. Журналистерге берген сұхбатында «Шет елдер мен бірқатар университеттер үшін білім беру бизнеске айналған. Олар ақша үшін кімді болсын, оқуға қабылдауға дайын. Үш ай өткен соң оқудан шығарып жібереді. Әңгіме «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерге талапты күшейту жайында өрбіді. Жиналыс тек осы мәселеге арналған еді. Қызбалыққа салындым», — деп мән-жайды түсіндірген.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің барлығы бірдей жаңа біліктілік талабына сай емес. Олар не ағылшын, не қазақ тілін еркін меңгермепті. Сондықтан өз еркімен жұмыстан кеткен.

Бір қызығы, Ж. Мелдешовтың үстінен жазылған арыздағы 25 қызмкеткердің қолы жалған болып шықты. Олардың кейбірі, тіпті қазір бұл орталықта жұмыс істемейді. Кейбірі шетелде жүр. Қысқасы, оның үстінен жазылған «домалақ» арызға оншақты адам қол қоймағанын ашық айтып отыр. Істің-қарасы алдағы уақыттың еншісінде. «Тексеру нәтижесі анықталғанша «Болашақ» жетекшісі қызметтен уақытша шеттетілді.

Жарас Кемелжан 

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті