jasqazaq.kz

Bloomberg: Qazkom-ға шұғыл түрде қарыз алды

23 желтоқсан 2016, 22:11

Qazkom банкі жедел түрде қарыз алды, — деп жазады Bloomberg басылымы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, банктің жағдайын қалыпқа келтіруге шамамен 1,5 триллион теңге қажет болуы мүмкін.

tengrinews.kz хабарлағандай, бұл қаражат Qazkom банкіне жаһандық қаржы дағдарысынан құтқарылу үшін керек болып отыр. Сондай-ақ, мұндай көлемдегі ірі қаражатты қарызға алу мәселесін Qazkom мен ҚР Ұлттық банкі өкілдерінің талқылап жатқаны айтылады. Бірақ екі банк те басылымдағыларға бұл мәселеге қатысты пікір білдіреуден бас тартты.

Сонымен қатар, Bloomberg басылымы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Qazkom банкінің 15 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық банкінен 400 миллиар теңге алғаны айтылады. Бұл ақшалар банк өтімділігі үшін керек болған екен. Осылайша, қазіргі уақытта шенеуніктер банкке қалай көмек көрсетуге болатынын талқылап жатыр.

Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, Qazqom БТА банкімен біріккен кезде Ұлттық банктен 250 миллиард теңге қарызға алған. Басылымдағылардың айтуынша, Qazqom «Халық банкімен» де бірігуі мүмкін. Алайда екі банк өкілдері де бұл мәліметті жоққа шығарған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Qazqom банкі өзінің қаржы жағдайы жайлы ресми түрде мәлімдеген болатын.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті