Блогер: Ұзату тойына 15 миллион теңгеден артық кетті

06 қазан 2023, 12:39

Bugin.kz

Жастар арасында танымал блогер Мерей Әбілова ұзату тойына қызу дайындық үстінде. Бұл туралы блогер әлеуметтік желіде жазды.
“Той көйлегін тіктіргелі жатырмын. Себебі ойымдағы көйлекті іздеп таппадым. Тойға шамамен 15 миллион теңгеден артық кетті. Алдағы уақытта одан да көп жұмсалмақ. Бір түснгенім, тұрмысқа шығу оңай емес екен. Барлығы қымбат. Маған көп дүние әкелмей-ақ қой деген еді. Бірақ сонда да өте көп қаражат кетті”, – дейді Мерей Әбілова.
Блогердің ұзату тойына жұмсалған қомақты қаражат көпшілікті бей-жай қалдырмады.
“Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді”, “Қыздың тойына қатты шашылудың қажеті жоқ деп ойлаймын”, “Сонша ысыраптың керегі не?”, “Мақтаншақтық”, “Еріккен екен”, – деп пікір қалдырды желідегілер.
Блогер Қарағандының “Шахтер” клубының футболшысы Дінмұхамед Қашкен есімді жігітпен көңіл қосты. 23 жастағы Димаш 2023 жылдың наурыз айында Мерейге Париж қаласында сөз салған болатын. Араға бір ай салып, жас жұбайлар мешітте неке қиды.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді