jasqazaq.kz

БҚО-да колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

19 қараша 2025, 10:15

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды jasaqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның директоры оқу процесіне қатыспаған 54 тұлғаны жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген.

«Соған қарамастан, аталған тұлғалар белсенді студенттер ретінде көрсетіліп, олар бойынша жалған бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген (жекелеген жағдайларда — көтеріңкі мөлшерде). Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған», — делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Нәтижесінде колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген. Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды.

Сурет: ҚМА
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді