Біздің азаматтар Оңтүстік Кореяға қалай барады?

19 желтоқсан 2016, 1:06

Кореяның Инчхон әуежайында Қазақстанның 23 азаматы ұсталды. Осы елдің көші-қон полициясы қызметкерлерінің айтуынша, олар Кореяға заңсыз келген. Қазір отандастарымыз әуежайдың жертөлесінде оқшау жерде отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Бізге мына бейнежазбаны ұсталғандардың бірі, Қазақстан азаматы Шухрат Тәжімұратов жіберді. Айтуынша, ол Кореяға кеше түнгі 00:50-де Air Astana әуе компаниясының ұшағымен келген. Мақсаты — саяхаттау, бірақ Кореяның көші-қон полицейлері Шухратқа сенімсіздік білдірген», — дейді Сеулден мәселенің мән-жайын баяндаған телеарнаның меншікті тілшісі Владислав Цой. «Біз Сеулге таңертең жеттік, әуежайда бізді қалаға кіргізбей, бір рейстен 18 адамды ұстап қалды. «Сізді қалаға жіберуге себеп-негіз жоқ» дейді. Олардың сылтауы — не ақшаң аз, ал ақшасы барларға «тіл білмейсің» дейді. Бізді қазір жертөледе ұстап отыр. Барлығы 18 адамбыз. 18 адамның барлығының құжаттары дұрыс болмауы мүмкін емес», — деді телефон арқылы саяхатшы Шухрат Тәжімұратов. Қазақстанның Кореядағы жалғыз консулы демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүр. Өйткені соңғы кезде заңсыз мигранттар көбейіп кеткен. Оның үстіне Астана мен Алматыдан келетін рейстерден Қазақстанның шамамен бес-алты азаматына Оңтүстік Корея аумағына өтуіне рұқсат берілмейді. «Барлығы туриспіз деп келеді. Бірақ оларды Сеулде ешкім күтіп алмайды. Корея елін аралататын мекемелер бекітілмеген. Сондықтан «келген мақсаттарына сай емес» деген желеумен елдеріне қайтарылып жатыр. Оның үстіне, оларда туризм үшін ақшалары жеткіліксіз болады, Корея өте қымбат ел, 2-3 мың доллар бұл жерде бір-екі күнге ғана жетеді», — деп атап өтті Консулдық мәселелер жөніндегі ҚР-дың Корея Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Ғабиден Темірбеков. Телефон арқылы Шухрат Тәжімұратовтың айтуынша, бүгін ұсталған қазақстандық 18 азаматтың қатарына тағы 5 отандасымыз қосылған. «Ертең ,19-ы күні сағат 13:00-де қайта ұшырып жібереміз деп жатыр. Бізде жертөледе ешқандай жағдай жоқ. Еденде жатамыз. Тамақтары айтарлықтай емес», — деді ол. Консул Ғабиден Темірбеков Кореяға туризм мақсатында саяхаттап келемін деушілер аталмыш елдің туристік компанияларына алдын ала хабарласу қажеттігін айтады. «Қазір технологиялар жақсы дамыған ғой, интернет арқылы, телефон арқылы хабарласып, туристік ваучер сатып алу керек. Сондай-ақ ол компаниядан Инчхон әуежайына осындай адамның келе жатқандығы, оларды күтіп алып, шығарып салатындығы туралы жазылған кепілдік хат жіберуді өтіну қажет. Сонда оларды ешқандай кедергісіз өткізеді», — деп атап өтті Ғ.Темірбеков. Қазақстан елшілігі берген мәлімет бойынша, биыл Оңтүстік Кореяға 1890 адам заңсыз келген. Олардың дені туриспіз дегенімен, шын мәнінде жұмыс істеп, табыс табуды көздейтін көрінеді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде