jasqazaq.kz

Биыл — Қазақстан жылы!

09 қазан 2025, 9:40

Ұлы Дала Еліне дәл биылғыдай әлем назары ауған жыл сирек болған шығар…
Қазақстанға әлемдік жұлдыздардың көшін бастап берген Джей Ло болды. Алматы мен Астанада концерт берген Джекең Қазақстанға келген алғашқы суперзвезда болды ғой дейм:)
BackStreet Boysтың әнсапары кезінде Қазақстан тағы да Орта Азияның магнитіне айналды. Сол Алматы, сол Астана — елуге кеп қалғанына қарамастан жігіттер құрмамызды жандырып, жандырып кетті. Оның үстіне Джекең жарты сторис та салмай кеткен инстаграмға Бәкс бірнеше сторис, бірнеше фото салып, ой, біздің қазақтар бір қиқуласып қалды ғой.
Одан соң іле-шала әлем назары Алматының Орталық стадионына ауды — ғаламдық дәрежеде мойындалған корольдік клуб Реал Мадрид алматылық Қайратпен күш сынасты. Ойынның есебін еске ала бермейік.
Бірақ бәленбай миллиондық Реал Мадридтің фанармиясы Жер бетінде Қазақстан деген ел барын, Алматы деген қала барын білді — бұл аз жеңіс емес дүр!!!
Бокстан Әлем Чемпиондарын қарсы алдық, грек-рим күресінен әлем чемпионын күтіп алдық, Джеки Чанмен Алматыда көрістік, Иманбек екінші Грэммиін алды — осының бәрі Қазақтың мерейі!!!
Қазір Тобықтыда, Маңғыстау ауданында Бекет атамның, Шопан атамның асында жүрміз. Елдің игі жақсылары бас қосқан тәуір жиын, халықтың ықыласы да алабөтен!
Көпшілікті көріп, көңіл шалқып, «осы игіліктің бәрі Қазақтай ағеден халықтың осынау ақпейіл меймандостығына берілген Кең Құдайдың сүйіншісі» шығар деп сүйсініп отырмын!
Осы жетістігімізден жазбағай, аман болайық!
Алмас Алтай
Facebook парақшасынан

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады