Биыл елімізге 3,1 млн турист келді

11 қыркүйек 2023, 11:13

Биыл қаңтар-маусымда елімізге 3,1 млн турист келді. Бұл туралы Туризм индустриясы комитеті Инвестицияларды тарту және ілгерілету басқармасының бас сарапшысы Ақмарал Меңлібек айтты.

«2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 98 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға артық. Былтыр қаңтар-маусым аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 67 млрд теңгеге қызмет көрсеткен болатын. Ал пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырсақ, аталған көрсеткіш өсімі 2 есеге жуық. Бірінші жартыжылдықта орналастыру орындарының қызметін пайдаланған туристер саны 3,1 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың 6 айымен салыстырғанда 400 мың туристке артық. Ал пандемияға дейінгі деңгейден 1 млн адамға көп», — деді Ақмарал Меңлібек Туризм және спорт министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған бейнематериалда.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді