jasqazaq.kz

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар

26 желтоқсан 2016, 16:36

 Биылғы жылы шаңырақ көтеріп, шаттыққа бөленген әнші мен актер, ақындар мен спортшылар топтамасы…

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Жадыраған жаз басталғанда қарымды қаламгер Дидар Амантай мен зор дауысты әнші Гүлбаршын Тергеубекованың шаңырақ көтергені туралы жаңалық жұртшылықты қуантты. Қарым-қатынастарын ұзақ уақыт жасырып келген танымал тұлғалар жақында қызды болған еді. Жазушының өзі бұл жаңалықты «кешігіп жеткен қуанышына» балады.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Сарша тамызда белгілі күйші, шебер домбырашы Асылбек Еңсепов ақ құсын қолына қондырды. 36 жасқа келіп үйленген Асылбектің таңдауы Айжан есімді аруға түскен.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Осы айда Беделхандар әулетінде де  жар-жар айтылған той өтті. Ерболат пен Есболаттың ағасы, «Орда» тобының әншісі Жанболат Беделхан Жұпар қызды жар етті. Тойларын тоқсаныншы жылдардың стилінде өткізуді ұйғарған жас жұбайлар баннердің орнына қабырғаға кілем іліп, есімдерін мақтамен жазған еді.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Қыркүйектің 22-жұлдызында айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы бойдақтық өмірімен қош айтысты.  Бұл қуанышы туралы ақынның өзі әлеуметтік желіде: «Әке-шешемнің үйленген күнінде үйлену арманым еді. Тура сол күн, сол сағатта неке жүзігін салып, отау тіктім. Енді сол кісілердей бірнеше ұл-қыз өсірсем деген арманның құлағы «қылтиып» тұр»-деп жазған еді еді. Тілегіне жеткізсін дейміз.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Қазан айының басында өнер өлкесінде «Жаяу» әнімен танылған жас әнші Серік Ибрагимов дүркіретіп той жасап, «тәуелсіздігімен» қоштасты. Ол Айнамкөз арумен танымал болғанға дейін танысып, бес жыл көңіл жарастырған.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Серіктен кейін дарынды актриса, отандық «Сырғалым» сериалында басты рөлді сомдаған Жұлдыз Маханова жар атанды. 26 жастағы актриса Қызылорда өңіріне ұзатылған. Бірақ етегінен ұстаған ер азаматының кім екені жөнінде ақпарат жоқ.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Ал қарашада белгілі боксшы Жанқош Тұраров Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде үйлену тойын өткізді. Былғары қолғап шеберінің қалыңдығы – Клара Иса. Ұзату той тамызда өткен.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Көп ұзамай «Әзіл әлемі» театрының белгілі актері, пародист Аманғали Сыпабеков те үйлену тойын өткізді. Әзілкештің таңдауы Марал есімді аруға түскен.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Биыл тұрмыс құрғандар қатарында Гауһар Әлімбекова да бар. Бірақ әнші тойы әлі өтпегендіктен, етегінен ұстаған азаматын көрсетуді де, суретін жариялауды да жөн көрмепті. Бұл туралы әншінің өзі жақында «Ұят емес» бағдарламасында айтқан болатын.

Биыл бақытын тапқан жұлдыздар - Фото

Кетіп бара жатқан мешін жылы қосақтарын тауып, отбасылық өмірге қадам басқан барша жұпты тағы бір мәрте құттықтаймыз! Бақыттарыңыз баянды болсын!

 

reactor.inform.kz

Бүгін, 16:12
Түркістан: Елді мекендерді газбен, ауыз сумен және электр қуатымен қамту жалғасып жатыр
Бүгін, 12:50
Түркістан: Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытайға барып, инвесторларымен кездесті
Бүгін, 12:42
Түркістан: Хэйлунцзян провинциясымен іскерлік-экономикалық байланыс меморандумына қол қойылды
05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады