Биыл 5 миллион тонна астық экспортталады

19 қазан 2023, 16:02

Биыл жиналған астық ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
Ауыл шаруашылы вице-министрі Азат Сұлтанов осылай деп мәлімдеді.

«Жиналған астық ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Экспорт бойынша өнімділік өткен жылмен салыстырғанда төмендігін ескере отырып, ішкі нарыққа әсер етпейтіндей астық экспортын қысқартамыз. Дәстүрлі нарықтарға жеткізуді де қысқартамыз. Қазірдің өзінде келісімшарт бар. Бүгінде жеткізілім жақсы қарқынмен жүріп жатыр, мұнда біз қайта өңдеу өнімдері мен ұнға баса назар аударамыз», — деді Азат Сұлтанов.

Вице-министр астық экспортының қаншалықты қысқаратыны туралы сұраққа былай деп жауап берді: «Биыл біз 5 миллион тонна астық экспортын жоспарлап отырмыз. Бұрын бұл көлем 7-8 миллион тоннаны құраған, бұл орташа жылдық көлем. Квоталар болмайды. Экспортты шектеудің алғышарттары жоқ. Себебі маркетинг маусымы енді басталады. Астық жеткілікті», — дейді министрдің орынбасары.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді