Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының кеңесі басталды (Видео)

26 қазан 2023, 10:33

 

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында Премьер-Министр Әлихан Смайылов іс-шара делегациялары басшыларының Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуіне қатысты.

Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемін жеткізіп, үш маңызды үкіметаралық форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі жазғандай, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңістігінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар талқыланады.
ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес шеңберінде кең ауқымдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарлануда. Оның ішінде геодезия және картография саласындағы өзара іс-қимыл, тауарларды сертификаттау және кедендік декларациялау, өнеркәсіптің түрлі салаларында кооперациялық жобаларды іске асыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен қадамдар қаралады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Іс-шаралар қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтілуде.
JQ-Aqparat

Видео: @Sputnik_Kyrgyzstan

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу