jasqazaq.kz

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

13 қараша, 21:47

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте өтті.

Жиында қала әкімі сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Осыған дейін қала басшысының халықпен кездесуі Бекзат секторы мен Сауран секторында өткен болатын.

Бүгінде Бірлік секторының инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Ауыз су, кәріз, электр және газ жүйелерін жетілдіруге арналған жұмыстар жоспарға сай орындалуда.

Атап айтқанда, кәріз жүйесі бойынша Бірлік секторы аумағында үш жоба жүзеге асуда. Қазіргі таңда ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын 17 көшеде кәріз желісі тартылды. Жыл соңына дейін ұзындығы 1,5 шақырым болатын 5 көшеге абоненттік кәріз желісін жүргізу көзделген.

Электрмен қамту бағытында биыл 26,2 шақырымды қамтитын 21 көшеге 750 дана электр бағанасы орнатылды. Жалпы жоба аясында 60,3 шақырым электр желісі тартылып, 14 жаңа трансформатор орнату жоспарланған.

Сонымен қатар, 2026 жылға дейін ұзындығы 12,68 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Ал биыл Наурызым көшесінде ұзындығы 2,6 шақырым болатын жол жөндеу жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталмақ.

Сондай-ақ, Бірлік секторындағы 179 көшенің 96 пайызы жарықтандырылған. Сондай-ақ биыл 4 жаңа аялдама орнатылды.

Абаттандыру бағытында сектор аумағында 12 ойын алаңы бар. Биыл тұрғындардың сұранысына сәйкес 2 жаңа спорт және ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Сығанақ көшесіндегі заманауи ойын алаңы мен Айналма тас жолындағы абаттандыру нысандары толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне ұсынылды.

Қоғамдық қауіпсіздік мақсатында 42 бейнебақылау камерасы және 4 нөмірлік тану камерасы орнатылуда. Бұл жүйелер облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады.

Кездесу соңында Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, қала әкімінің халықпен көшпелі кездесулері 13 қараша күні сағат 15:00-де Яссы секторының тұрғындарымен өтеді. Кездесу Хамза атындағы жалпы орта мектепте ұйымдастырылады.

Түркістан қаласы әкімдігі

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды