Бірқатар кәсіпорын мемлекетке қайтарылады

08 тамыз 2023, 16:09

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол тасымалы және денсаулық сақтау саласындағы кейбір кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Үкімет басшысына теміржол инфрақұрылымының бірқатар нысанын мемлекет меншігіне қайтару барысы туралы баяндалды, оларды бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы мәміле сот тарапынан жарамсыз деп танылды.
Атап айтқанда, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталды. Қылмыстық іс аясында тергеу органдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін ҚТЖ басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды. Мүлік кешенін қорғау қамтамасыз етілді.
Премьер-Министр республиканың басқа өңірінде ұқсас нысандар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырып, тиісті кәсіпорындар қызметкерлерінің барлық технологиялық процесі мен қызметін сақтау маңызды екенін айтты.
Сонымен қатар, отырыста денсаулық сақтау саласындағы ұйымды республика меншігіне қайтару мәселесі қаралды. Алдын ала мәліметтер бойынша активті басқаруды өз мойнына алған жекеменшік компания ұзақ уақыт бойы өз функцияларын орындамай келген және келісілген инвестициялық бағдарламаның шарттарын бұзған.
Талқылау қорытындысы бойынша басқару тиімділігіне тексеру жүргізу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның нәтижелері бойынша шартты бұзудың және активті мемлекет меншігіне қайтарудың дұрыстығы туралы шешім қабылданады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады