jasqazaq.kz

«Біреумен сөйлесті де, өзін өртеді». Әуежайдағы оқиғаның бейнежазбасы тарады

26 тамыз 2025, 15:33

Сурет: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында болған өзін-өзі өрттеу оқиғасының жаңа бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бұл видеоны оқиға болған Nur Ai & Co әуе тур агенттігінің директоры Гүлмира Сәдуақасова жариялады. Бейнежазбада ер адам әуежай кассасында телефонмен сөйлесіп, бір мезетте полицейлермен сөзге келіп жатқаны түсірілген. Кейін ол үстіне сұйық нәрсені құйып, әйелді бөлмеден шығарып жібереді.

«Ол ішке кіріп, телефон сұрады, біреуге қоңырау шалды. Әңгіме барысында рейске үлгермей қалғанын айтты ма, әйтеуір сол сәтте өзін бензинмен құйып жіберді. Біздің агентіміз оған шығуды өтінді, ол әйелді шығарды, содан кейін өзін өртеп жіберді. Біздің қызметкеріміз, батыл Ксения, қорықпады, өте шапшаң әрі нақты әрекет етті», – деп жазды Facebook-та Nur Ai & Co әуе тур агенттігінің директоры Гүлмира Садуақасова.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр