jasqazaq.kz

Бір шаңырақ астында

03 желтоқсан 2017, 16:55

Таразда корей ұлтының Қазақстанға қоныстанғанының 80 жылдығы аталып өтті
Тараз қаласында корей ұлтының Қазақстанға қоныс аударғанының 80 жылдығы аталып өтті. Осыған орай, «Достық» үйінде айтулы датаға орайластырылған «Этнос күні» ұйымдастырылды. Аталған шараны облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Жамбыл облысы «КОРЁ» корейлер ассоциациясы бірлесіп ұйымдастырды.


Салтанатты шараға Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ Сик және Корея Республикасынан келген қонақтар: дипломатиялық істер бойынша көмекшісі Джи Юджин, Корея Республикасының Елшілігі Консулы Тэ Кен Гон арнайы қатысты. Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Ким, Қазақстан корейлері ассоциациясының президенті Сергей Охай, Жамбыл облыстық «КОРЁ» корейлер қауымдастығының президенті Лаврентий Кан, сондай-ақ өңірлік кәріс этносының аға буыны мен жастары қатысты.
Мерекелік жиынды елші Ким Дэ Сик алғы сөзімен ашты.
– Сіздердің қалаларыңызда ауа-райы жайлы екен. Жергілікті халық бізді қазақтарға тән дәстүрлі қонақжайлылықпен қарсы алды. Жамбыл облысында корейлердің көп бөлігі тұрады екен. Қиын-қыстау кезеңде этникалық корей халқына сыйластық танытып, көмек көрсеткені үшін қазақ халқына алғысымды айтамын, – деді ол.
Жамбыл облысы «КОРЁ» корейлер қауымдастығының Президенті Лаврентий Кан корейлердің тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне 1937 жылы келгенін айта келе, биылғы 2017 жылдың маңыздылығына тоқталды.
– Бұған дейін біз корейлердің Қазақстан жеріне қоныстануының 80 жылдық мерейтойына орайластырылған іс-шаралар кешенін өткізген едік. Менің ойымша, осылайша біз қазақ жері мен халқына деген алғысымызды білдіреміз. Екі халықты онжылдықтар ғана емес, сонымен қатар ортақ тарих, мәдени және рухани байлығымыз біріктіреді. Бүгінде, Қазақстанды мекен етіп жатқан барлық этностар аяқтарына тік тұрып, Отанының әлеуметтік-экономикаоық дамуына өз үлестерін қосып келеді, – деді Л. Кан.
Сонан соң, Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі облыстағы корей этносының өкілдерімен ресми кездесуі өтті. Онда Де Сик мырза өңірде бейбітшілік пен келісімді сақтауға елеулі үлес қосқан ақсақалдар мен құрметті азаматтарды марапаттады.
Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының дайындаған «Жерұйық» театрландырылған қойылымы мерекелік шараның шарықтау шегіне айналды. «Баласағұн» орталық концерт залына жиналған қауым әртістердің актерлік шеберліктері, жарқын декорация мен музыкалық нөмірлерге тәнті болып қайтты.

Мұратхан Әлімхан,

Жамбыл облысы

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда