jasqazaq.kz

Бір миллионға жуық азамат банкке берешегін қайтара алмай жүр

28 желтоқсан 2016, 14:50

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. ҚазАқпарат хабарлағандай, «коллекторлық компаниялар көптен бері пайда болып, өмірімізге кеңінен енді, бірақ олардың қызметі заңмен реттелмейді және мемлекет тарапынан бағаланбайды. Қазіргі кездің өзінде шамамен 60 компания банктермен жасасқан шарттар негізінде берешекті өндіріп жатыр. Банктердің 928 мың борышкері коллекторлық агенттіктердің өндіріп алу үдерісінде. Халықтың несиелік борышы өте жоғары. Осы жағдайда борышты өндіріп алу бойынша қатынастардың реттелмеу проблемаларының ауқымы болашақта өседі. Қазақстанда 5 млн. адамның банктік қарыз шарты бар», – деді Д. Ақышев.

Заң жобасында берешегін өндіріп алу бойынша жұмыста тиімділікті және қауіпсіздікті арттыру, борышкерлердің құқықтары мен мүдделерін коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттерінен қорғау, коллекторлық қызметтің ашықтығын арттыру мен оны реттеу, тұрғындардың сенімін жоғарылату тетіктері ескерілген. Сонымен қатар, онда коллекторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттеледі.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті