Бір әулеттің 11 адамы суға қалай батқаны белгілі болды

23 тамыз 2023, 12:22

 

Сурет: Otyrar.kz

Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаның куәгерлері сол кезде жағалауда болғандардың барлығы суға батып бара жатқандарға көмектесуге асыққан.

КТК телеарнасының мәліметінше, Сырдарияда 11 адам суға батып кеткен, оның тоғызы бала. Оқиға кешкі сағат алтылар шамасында болған. Көп балалы отбасы, барлығы 21 адам, әке, бала-шаға бар, тойдан кейін демалу үшін судың жағасына келген. Бір кезде суға батып бара жатқан баланың дауысы естілген.

Көксарай ауылының тұрғыны Мұсабек Сарымбет: «Анасы баласын құтқару үшін суға секірген. Оның соңынан қалған балалары секірген, артынша ересектер де құтқару үшін суға қойып кеткен. Бір үйден бес адам, екінші үйден үш адам суға батып кетті. Барлығы бір әулеттің ұрпақтары. Орны толмас қайғы», — дейді.

Жағада отырған балықшылар да, басқа демалушылар да суға батып бара жатқан бірнеше адамды алып шыққан. Бірақ 11 адамды, екі әйел мен тоғыз баланы құтқару мүмкін болмады, ең кішісі небәрі 4 жаста еді.

«Жағадан суға кірген бойда тереңдеп кетеді. Су лай. Кей жердің ағыны қатты. Кейбіреулерін жағаның арғы бетінен алып шықты. Барлығы көмекке келді», — дейді оқиға куәгері Әділхан Аманов.

Суға батқандардың мәйітін іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. 200-ден астам құтқарушы мен еріктілер 5 шақырым радиуста аумақты қарап шықты. Сүңгуірлер де іздеп жатыр, дрондар да ұшырылды.

Жергілікті тұрғындар өзеннің осы тұсы қауіпті дейді.

Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев: «Суд лай, мүлдем көріп болмайды. Ағыс орташа, бірақ тереңдікте ойпаттар көп. Соңғы мәйітті оқиға орнынан бір жарым шақырым жерден таптық», — деді.

21 тамызда сағат алты шамасында Түркістан облысы Отырар ауданында, Көксарай ауылынан үш шақырым жерде, Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен болатын.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз