Бір апта ішінде 2908 қылмыс жасалды

11 қыркүйек 2023, 12:44

Елімізде бір апта ішінде 2908 қылмыс жасалды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Бір апта ішінде 2 908 қылмыс жасалды, оның 1 853-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 33 тонау және 382 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», — деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедрон сату кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталғанын атап өтті. Синтетикалық препараттың дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған.

«ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген. Алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Мұнан бөлек, оның дерегінше, Көлік полициясының қызметкерлері көмір тиелген жартылай вагонда қарасора салынған рюкзагы бар Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Есірткінің жалпы салмағы 25 келіден асады. Күдікті қарасораны Шу станциясынан Шымкентке апаруға тырысқан.

«Өткен аптада полицейлер 40 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде 14 есірткі сату фактісі бар. Заңсыз айналымнан шамамен 245 келі есірткі тәркіленді. Оның 10,5 келіден астамын синтетика құрайды. Оларды дайындау үшін құрылған екі есірткі зертханасы таратылды», — деді ІІМ өкілі.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді