jasqazaq.kz

Бір адам үшін мың адамды «жарымес» деген жөн бе?

26 желтоқсан 2023, 12:09

Қала қазағының ауылдан келген қазаққа қатысты ойы өзгеретін уақыт келді деп жүрміз ғой. Көзге шыққан сүйелдей болып көрінудің дәурені өткен, түп төркіні қалалықтар далалықтарды түсінетін жағдайға жетті деген ойда едік бұл күнде. Жоқ, олай емес екен. Әсіресе, Гүлжан Ерғалиева апамыз сол баяғы әуеніне басып отыр. Күнкөріс қамымен ауылдан келіп, Алматының айналасындағы күйі кеткен үйлерде ілдалдалап тұрып жатқан қазақтың бәрін «жарымес» депті. Бір адамның автобустағы сұмдық әрекеті үшін.
Гүлжан Ерғалиева Фейсбуктегі «Мұндай жарыместерге не істеуге болады?» деген жазбасында бүй дейді:
«Қаланың шет аумақтарын осындай адам еместер жайлап алған. Олар 50 шаршы метрде 30 адамнан егеуқұйрық сияқты тұрып жатыр. Әлдеқандай жұмыс іздеп сенделіп жүреді. Ұрлық жасайды. Топ болып жиналып, әлдебір ортаны қалыптастырады. Өз ережелері бойынша өмірлік кеңістікті жаулап алғысы келеді».
Әрине, ұрлықты, басқа да қылмысты әлеуметтік жағдайдың қиындығымен ақтап алуға әсте болмайды. Қылмыс жасағандардың жазасын беру керек. Ондайдың алдын алуға да әрекет еткен жөн. Ал апамыз қатты қиыс кетіпті. Бәлкім, эмоцияға беріліп кеткен шығар. Қоғамда жаныңа тиетін осындай өрескел, сұмдық жайттар көп болып жатыр. Бірақ соның бәрін Алматының, басқа да қалалардың айналасында әрең жан бағып отырған жұрттан көру және олардың кедейлігін бетіне басу жөн емес.
«Олардың бар ойы – кедейлерге бәрін істеуге болады! Біз зардап шегушіміз! Билік, алматылықтар, байлар, ақылдылар және басқалар бізге қарыздар», – деп кекетіпті Ерғалиева ханым.
Жылы жерде, диванда отырып алып жұрттың бәрін жазғыру оңай. Одан да сол қаланың айналасын төңіректеген тұрғындармен өзіңіз барып сөйлесіңіз, Гүлжан апай! Сонда олардың да өзіңіз сияқты адам екенін, көпшілігінің күнделікті нәпақасын адал тауып отырғанын көресіз. Амалсыздан «50 шаршы метрде 30 адамнан егеуқұйрық сияқты тұрып жатқан» жандардың арасында да ақылдылар, алғырлар жетерлік.
Ал жарыместер қаланың қақ ортасынан да табылады.

Оразәлі Баймұрат

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді