jasqazaq.kz

Білгір маман келді

20 ақпан 2023, 11:44

Сәрсен Құранбек Мәдениет және спорт вице-министрі боп тағайындалды. Ақжолтай жаңалықты естіген ұлттық спортымыздың жанашырлары мен осы тақырыпты төңіректейтін тілші қауымның қуанғаны анық. Өйткені, Сәрсен отандық спортты жетік білетін, саланың өркендеуіне көп еңбек сіңірген білікті де білгір маман. Бесаспап ұйымдастырушы екенін Азиада ойындары, Олимпиада алауы шеруі кезінде көрсетті. “Қазақстан Барысы” жобасы арқылы Қазақ күресінің жер-жиһанға танылуына, ең бастысы, қалың бұқараның ұлттық ойынына бет бұруына үлес қосты. Білім мен тәжірибені шебер ұштастыра білген қайраткер азаматтың тағы бір ерлігі — ұмытылуға аз қалған Түркі жұртының төл өнері шөгенмен халқымызды қайта қауыштыруы.
Сәрсен Құранбек жаңа қызметінде, әсіресе, кейінгі кезде істі білетін жанашырлардың жоқтығынан тұралап қалған бұқаралық спорттың бойына қан жүгіртіп, салауатты қоғам қалыптастыруға серпін береді деген сенімдеміз.

Ендеше, іске сәт!

Срайыл Смайыл

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді