jasqazaq.kz

Бидайдың жаңа сорты алынды

21 қараша 2017, 15:59

Еліміздің аграрлық ғылымында өсімдік пен мал шураушылығында кең қолданылатын өзінің бәсекеге қабілетті жетістіктері бар. Қазіргі таңда қолдануға жарамды қазақстандық селекцияның 160 сорт пен будандар (25 дақыл) түрі, соның ішінде 39 картоп сорты, 103 – бақша дақылдары және т.б. бар.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауын талқылауға және іске асыру шараларына арналған «Аграрлық ғылымның АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосқан үлесі» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.

Баспасөз конференцияда ауыл шаруашылығы минитсрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Нәметов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Еркін Сәтенбаев, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәмір Егізбаев және «Агротехнологиялар трансферті мен коммерциялизация орталығы» ЖШС Бас директоры міндетін атқарушы Азамат Садықов қатысып, жасалған жобалар мен мемлекеттік бағдарламар туарлы мәлімет беріп, журналистер сұрағына жауап берді.

«ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Асқар Нәметов «Біздің ҒЗИ генетика, физиология және биотехнолгия әдістерін қолдану арқылы бірнеше технологиялар әзірленген. Мәселен, Қарабалық тәжірибелік стансасының «Герда» күздік жұмсақ бидай сорты. Бұл сорт жоғары аязтөзімділігімен ерекшеленеді, өсімдіктің көктеуі қарсыз күзгі суықта -17 °С дейін төзімді», — деп атап өтті.

Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолын қарастыруда. «ҰАҒБО» КЕАҚ жүйесінде ЖОО мен ҒЗИ базасында инновацияларды енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесінде коммерциализациялаудың 12 кеңсесі құрылған. ҒЗТКЖ нәтижесі бойынша сараптама жүргізіліп, 646 зерттемелерден тұратын дерек базасы жасалған.

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады