jasqazaq.kz

Бибігүл Жексенбай: Отандық БАҚ ақпараттарынан ел азғындалу алдында тұрғандай әсер алады

19 қазан 2016, 17:41

zheksenbay_1000x768

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында криминагендік ақпараттардың көп берілетіндігін сынады.

«Жалпы, суицид мәселесін телеэкраннан көрсетуге тыйым салу, шектеу мәселесін де заңды түрде қарастыру қажет деп ойлаймын. Бұл — дерт. Ал дертті бүкіл дүниеге жар салып, айтудың қажеттілігі шамалы. Ол сонау Кеңес заманында да болған. Бірақ, көп жария ете бермейтін. Қазір жасыратын жоқ, көптеген бұқаралық ақпарат құралдарын, газеттерді, ақпарат агенттіктерді, телеарналарды қарасақ  жаңалықтардың 90 пайызы криминалды. Соның ішінде, әсіресе, зорлық-зомбылық, педофилия, жемқорлық көп айтылатын болды», — деді ол Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа мәжілісінде.

Жексенбайдың пайымынша, ақпарат заманымызға сай, қоғамымыздың дамуына оң әсер етіндей мейлінше жағымды болуы керек.

«Біздің БАҚ-ты қараған кезде еліміз азғындалудың алдында тұрған немесе соны бастап кеткен мемлекет сияқты көрінеді. Өйткені, криминалды, жағымсыз ақпараттарды көп береміз», — деді бірлестік президенті.

ҚазАқпарат

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді