jasqazaq.kz

Бибігүл Төлегенова: Өнерді қолдау керек, эстрада өзі ақша табады

19 қыркүйек 2016, 23:35

Бүгін Алматыда Бибігүл Төлегенованың VIII халықаралық вокалшылар конкурсы басталды. Биыл ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Байқау аясында оңтүстік астанада халық әртісінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Вокалшыларға арналған конкурстың мақсаты – жас ұрпақты адамгершілік және эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу, классикалық және халық музыкасына деген ынтасын арттыру. Байқау тек Қазақстанда емес, шетелге де танымал. Бибігүл Төлегенова осы жылғы конкурстың маңыздылығын айтты.

«Конкурс Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Алматының мыңжылдығын тойлаумен және Олимпиада өткізумен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымыз. Қазір лауреаттарымыз көптеген әлемдік сахналарда өнер көрсетеді. Биыл конкурсқа қатысуға 60-тан аса адам өтініш берген, оның 30-40-ы – қазақстандық», — дейді халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

19-27 қыркүйек аралығында Қазақстаннан, алыс-жақын шетелден: Әзірбайжан, Башқұртстан, Болгария, Германия, Қырғызстан, Литва, Ресей Федерациясы, Чехия, Монғолия және Өзбекстаннан келген өнерпаздар Алматыда сайысқа түседі.

Биыл конкурсқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Бибігүл Төлегенова мұндай қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

«Өнерді көтеру керек, ал эстрада өзі ақша табады. Конкурсты ұйымдастыру өте көп шығын келтіреді. Сондықтан, бізге қолдау көрсеткеніне қуаныштымын», — деп түйіндеді Бибігүл Ахметқызы

bnews.kz

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді