Бескөлдің табиғи сүті: сапа және сенім

27 наурыз, 14:36

«Бескөл сүті». Халық арасында осылай аталып кеткен ең сұранысқа ие өнім – шын мәнісінде «Молсервис» деп аталатын кәсіпорынның тауары. Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан осы зауыт сүт ұқсатумен және сүт өнімдерін, ірімшік өндірумен және көтерме саудамен айналысады. Кәсіпорын өндіретін өнім түрлері жыл сайын арта түсуде.

Бүгінде «Молсервистің» тек сүті ғана емес, қаймағы, қатығы, айраны, майы көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Мұнда сүттің де түр-түрі бар.
Серіктестік цехының бастығы әрі технологы Елена Хуторная jasqazaq.kz сайтына зауыт өнімдері туралы айтып берді. Қазақстан халқының денсаулығы – ең басым бағыт. Сондықтан дәл бүгін елімізде халықтың басым бөлігінде йод тапшылығы мен дәрумен жетіспеушілігі өзекті мәселе болып тұрғанда, йод қосылған және дәрумендендірілген сүт өнімдерін өндіруге баса назар аударылады.

«Себебі, бұл дәрумен тапшылығының алдын алудың ең табиғи әрі тиімді жолы, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтаудың маңызды тәсілі», – деп санайды маман. Бүгінде ел халқының біршама бөлігі қолайсыз экологиялық жағдайда өмір сүріп жатқаны жасырын емес: стресс, химиялық және радиациялық әсерлер, дұрыс тамақтанбау мен дәрумен тапшылығы халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сондықтан сүт өнімдерін тұтыну – адам ағзасы үшін маңызды қажеттілікке айналып отыр.

Әсіресе бүлдіршіндердің сүйікті тағамына айналған «Настасья» сүті адам ағзасындағы дәрумендер тапшылығын толықтырып, денсаулықты нығайтады. Технолог Елена Алексеевнаның айтуынша, «Настасьяның» құрамындағы жаңа «Акван-с» дәруменді кешені ең пайдалы деген өнімнің табиғи күшін бірнеше есе арттыра түседі.

«Настасья» сүті адам ағзасындағы маңызды дәрумендер – бета-каротин, А және С тапшылығын жояды. Егер күн сайын дәл осы сүтті ішсеңіз, ол ағзаңыздың әртүрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырып, иммунитетті нығайтады әрі қоршаған ортаның зиянды факторларын бейтараптандырады. Сондай-ақ бұл сүт құрамындағы дәрумендердің арқасында адамның көру қабілетін жақсартатыны, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың қаупін төмендететіні дәлелденді. «Настасья» сүтінің құрамында шырғанақ, сәбіз, өрік, алма, апельсин, итмұрын және шабдалы сияқты жемістерге емдік қасиет беретін дәрумендер бар. Қазақстан аумағында басқа ешбір кәсіпорын мұндай сүт өндірмейді», – дейді Елена Хуторная.

Кәсіпорын жаңа буын өнімдеріне басымдық беріп келеді. Мәселен, бифилюкстің құрамында тірі бифидобактериялар жасушалары көп болғандықтан, асқазан микрофлорасын қалыпқа келтіріп, иммунитетті нығайтады. Биоряженканың құрамында адам ағзасына пайдалы лактулоза бар. Өнім сапасы мен қоректік құндылығы – «Молсервис» компаниясының азық-түлік нарығындағы жетістігінің кепілі.

Мұнда ең жаңа технология бойынша майлылығы 1,5; 2,5 және 3,2 пайыздық және майы алынған сүт, жоғарыда айтылғандай, йодпен, дәрумендермен байытылған сүт, 10, 15 пайыздық қаймақ, қатық пен айранның түр-түрі, йогурт, бифилюкс – барлығы 30-дан астам өнім өндіріледі.
Айта кету керек, «Молсервистің» ерекшелігі – шикізатты қабылдаудан бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі барлық технологиялық процесс жабық ағын арқылы, яғни асептикалық жағдайда жүргізіледі. Өнім өте қысқа мерзімді жоғары температуралық өңдеуден өтеді, бұл барлық бактерияларды жояды, бірақ сүттің дәмдік және қоректік қасиеттерін толық сақтайды.

Мұнда франциялық құрал-жабдық пайдаланылады. Оны 1994 жылы Францияның «ACTINI INTERNATIONAL» компаниясының мамандары арнайы келіп орнатқан болатын. Бұл цехтың қуаты бір ауысымда 17,2 тонна сүт өндіруге қауқарлы.
Жалпы шетелдік компаниялармен ынтымақтастық – «Молсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басты стратегиялық бағыты. Бүгінгідей нарықтық бәсекелестік жағдайында кәсіпорын үнемі даму жолдарын үздіксіз іздейді. Жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеу, жабдықтарды меңгеру, шикізат жеткізушілермен қарым-қатынасты нығайту сияқты жұмысқа баса назар аударылады.

Бұған қоса, мұнда жөндеу-механикалық цехы да жұмыс істейтінін айта кету керек. Онда тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар жасалып, істен шыққан құрал-сайман жөнделеді, дәнекерлеу жұмыстары, басқа да қызметтер атқарылады. Дайын өнімді тұтынушыға уақтылы жеткізетін өз автокөлігі жеткілікті.
Ыстық сумен қамтамасыз ететін өз қазандығы да бар. Айта кету керек, бұл Қызылжар ауданындағы ең үздік қазандықтардың бірі болып саналады.
Кәсіпорында еңбек ететін 120-дан астам жұмысшыға қолайлы жағдай жасалған. Әр цехта жуыну бөлмесі, тіпті сауна бар. Медициналық қосында қажетінше алғашқы көмек көрсетіледі, м-дом және физиотерапиялық кабинеттері, асханасы және бар.

Кәсіпорын өнімдерінің сапасы жоғары және сақтау мерзімі ұзақ болғандықтан, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысынан тыс өңір тұрғындарының да сүйсіне қолданатын тағамына айналды. Директордың орынбасары Андрей Макаренконың айтуынша, қазір бұл өнім Астана, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау, Рудный және басқа қалаларда да сұранысқа ие. Жуырда Астана қаласында кәсіпорын өнімдерін сататын фирмалық бөлім ашылғанын айта кетейік. Басшылық шикізаттың сапасына баса көңіл бөлінетініне ерекше тоқталды. Өйткені дайын өнімнің сапасы тікелей соған байланысты. Мұнда, біріншіден, шикізат – табиғи, екіншіден, ешқандай консерванттар мен тұрақтандырғыштар қосылмайды.

Кәсіпорын жұмысының тағы бір қыры – іскерлік әріптестікке ерекше көңіл бөлінеді. «Молсервис» мамандары көптеген жылдар бойы шикізат жеткізуші шаруашылықтарға қолдау көрсетіп келеді.
«Кәсіпорын мамандарын біріктіретін бір ғана мақсат бар. Ол — өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігі, сонымен қатар халыққа қолжетімділігі», — деп баса айтты Андрей Федорович.

Ол үшін технологтардың жауапкершілігі де, кәсіби шеберлігі де жеткілікті деп сендірді зауыт басшылығы. Олар қол жеткізген жетістікке тоқмейілсімей, үнемі түрлі көрмелер мен семинарларға қатысып, шеберліктерін шыңдай түседі. Сонымен қатар уақыт талабын ескеріп, жаңа технологияларды үздіксіз меңгереді.

Роза ШӘКЕНОВА,
Солтүстік Қазақстан облысы
Суреттерді ұсынған автор

Бүгін, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі
28 наурыз, 17:40
“Жұмысшыларды роботтар алмастырып жатыр”. Кентау трансформатор зауыты инновациялық дамуға көшті
28 наурыз, 15:18
Машина жасау: инновациялық серпіліс
28 наурыз, 14:21
Шұбат өндірісін жолға қойған кәсіпкер келіншек
27 наурыз, 15:56
Астық экспорты қарқын алып келеді
27 наурыз, 14:36
Бескөлдің табиғи сүті: сапа және сенім
27 наурыз, 13:56
Дарбаза – Мақтарал: өңірді дамытатын мегажоба
26 наурыз, 15:11
Газ өндірісі - нақты сектордың локомотиві